Оралда дипломдық жұмысын қорғаған студенттерді университеттен әскерге алып кеткен
Оралда Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 4-курс студенттерін дипломдық жұмысты қорғаған соң бірден әскерге алып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде университет студенттері мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент қызметкерлері университетті қоршап алған. Дипломдық жұмыстарын қорғаған түлектерді күтіп алып, бірден тексеріске алып кеткен. Ал сыртқа шықпаған түлектерді ішке кіріп, кабинеттерден іздеген.
Қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент бұл жағдайды растады.
"Кеше дипломдық жұмысты қорғаған соң біз қызметкерлерід жіберіп, әңгіме өткіздік. Әскери борышын өтегісі келгендер медициналық тексерістен өтіп, қызмет етуге әзір. Біз мұны студенттердің борышын өтеуден жалтарып кетпеуі үшін жасадық. Барлығы заңды", – деді БҚО Қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент басшысы Руслан Әміржанов.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған