Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабаттан құлап кеткен

Оралда бір отбасының екі баласы бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Қазіргі таңда олардың жағдайлары ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 19 тамыз күні болған. 

“Жергілікті сағат 17:11-де ата-анасының қарауынсыз қалған 6 және 3 жастағы ағайынды екі ұл бала 5-қабат терезінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Балалар жабық бас-ми және іш жарақатын алып, милары шайқалған”, – делінген департамент хабарламасында.

Бүлдіршіндердің жағдайы ауыр. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Талқылау