Оралда әжетхана шұңқырына құлап кеткен ер адам қаза тапты
Оралда әжетхана шұңқырына құлаған ер адам күкіртсутегімен уланып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 наурызда болған. 32 жастағы ер адам автокөлік қызметі аумағындағы көше дәретханасының шұңқырына құлаған.
Зардап шеккен адамды шұңқырдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.
Денсаулық сақтау басқармасы көше дәретханасына құлаған ер адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Айта кетейік, Ресейде 11 қабаттан құлаған ер адам өрт сатысына ілініп, аман қалған еді. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"