Оралда 13 жасар қызды оқушылар топ болып зорлаған: Бесінші күдікті ұсталды
Оралда 13 жасар қызды зорлады деген бесінші күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасөспірім қызды мектеп оқушылары жабылып зорлаған.
" Қылмыс 12 маусымда сағат 1: 00 шамасында болды. 16 және 15 жастағы төрт кәмелетке толмаған бала жалдамалы пәтерде 13 жасар қызды зорлады", – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Пәтерді жалға алған болуы мүмкін кәмелетке толған жігіт күдікке ілінді. Ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен екі ай қамауда болады.
Тергеу мәліметтері бойынша, қызды пәтерге алдап кіргізген. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, онда олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін Оралда тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні 13 жастағы қызды топ болып зорлағаны айтылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”