Оралда 10 күн комада жатқан әйел қайтыс болды
Оралда 10 күн бойы комада жатқан Таңшолпан Мұқанова есін жимастан қайтыс болды. Ақпаратты келіншектің туыстары растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Таңшолпанның анасы да акушер. Ол құрсағында 7 айлық сәбиі бар қызының ауыр халге түсуіне әріптестерінің біліксіздігі мен салғырттығы себеп болғанын айтады. Мұндайда уақыт оздырмай, басшылық пен жақын туыстарына бірден хабарласып, шұғыл түрде санавиациямен бас қалаға жіберу керек еді дейді.
“Нейрохирург әйел бізге келгенде мүлдем ауыр жағдайда болды дейді. Мидағы қан айналымы баяғыда тоқтап қалған екен. Қан көп мөлшерде құйылған. Бүкіл уақ тамырына дейін жарылған дейді. Жас болғасын, операция жасадым дейді. Бір шанс беріп, мыңның бірі болып қалар деген оймен отаға алдым деп отыр. Оған дейін неге консилиум болмаған? Неге үйлерінде ұйықтайды дәрігерлер? Басшылары қайда? Неге келмейді?” – дейді келіншектің анасы Бибігүл Мұқанова.
Айта кетейік, марқұмның артында 4 жасар және жаңа туған екі қызы қалды. Бұған дейін әйелдің комада жатқанын, туыстары оған дәрігерлерді кінәлап отырғанын жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты