Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны өзін Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрап отыр

Орал тұрғыны Орал тұрғыны өзін Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрап отыр. 46 жастағы Әлібек Ермекбаевты комиссия мүгедек деп танудан бас тартқан. Ол өзінің еңбекке жарамсыздығына сенімді. Алайда комиссия бұл деректі мойындамапты. Соңғы уақытта өңірде осы тәрізді шағымдар қатары толастамай тұрған көрінеді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әлібек Ермекбаев 26 жыл бұрын Ресейден Қазақстанға көшіп келген. Ол 2-топтағы мүгедек болып табылады. Алайда Қазақстанда оны 3-топтағы мүгедек деп көрсеткен. Мұнан кейін ер адамды мүгедек ретінде танудан мүлдем бас тартыпты. Соңғы 15 жыл бойы ер алам денсаулығында кінәрат барын дәлелдей алмай келеді.

«Мен сол аяғым мен қолым қысқа. Барынша тырысып, отбасымды асырап келдім. Осы 20 жыл ішінде мемлекеттен бір тиын да алған емеспін», – дейді БҚО тұрғыны Әлібек Ермекбаев.

Әлібек Ермекбаев мемлекеттен жәрдемақы сұрамайды. Ер адам, тым болмаса, шипажайлық-курорттық емнің тиісті мөлшерін алсам дейді. Бәрінен түңілген ол Президентке хат жолдап, өзін Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрапты. Еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі мұндай қадамға бару себепсіз деп отыр.

«Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі науқастың емханалық картасын тексеріп, науқастың жағдайын бақылап, консультациялық қорытынды шығарады. Өмір сүруінің шектелуіне қатысты мәліметтер жоқ, бүгінгі күн ер адам мүгедек болып табылмайды», – дейді БҚО Еңбек, әлеуметтік көмек және көші-қон комитетінің өкілі Ардақ Мұқанова.

Осы тәрізді жағдай Орал қаласының тағы бір тұрғыны Аманжол Сүйеғалиевтің басына түскен екен. Колостома дертінен зардап шегетін ер адамға да 3-топ мүгедектігін тағайындап, еңбекке жарамдылығын мойындаған.

«Мені мұндай диагнозбен кім жұмысқа алады? Ешкім. Ауруханада мағана өмір бойы дертімнен айықпайтыным туралы анықтама берді. Бірақ белгісіз себептермен мүгедектігім туралы мәліметті өзгертіп жіберіпті», – дейді БҚО тұрғыны Аманжол Сүйеғалиев.

Мүгедектердің тілшілерге жиі хабарласуынан аңдалғандай, өңірде науқастарға мүгедектіктің жеңіл түрін тағайындайтын не мүлдем алып тастайын жағдай жиілеген сияқты. Олардың сөзінше, денсаулықтарында ешқандай оң өзгеріс болмаған. Жұмыс іздеген күннің өзінде тек бірен-сараны ғана жұмысқа орналаса алады екен. Себебі жұмыс берушілердің көбі дені сау адамды жұмысқа алғысы келеді.

Оқи отырыңыз:

Ескерту: Алматыда жауынның арты көктайғаққа ұласуы мүмкін

Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» әлемді аралайтын болды

Павлодарда моншада танысын соққыға жыққан аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде 7 жасар бала әлемдік рекорд орнатуға дайындалып жатыр (фото, видео)

Талқылау