Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді
Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазан күні сағат 17.51-де 1-саяжай ауданында болды.
Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында 7 гектар құрғақ шөп және 8 гектар орман алқабы (қайың, қараағаш) отқа оранды.
Жел екпіні (секундына 8-10 метр) өртті сөндіруді қиындата түсуде.
Өрт сағат 19.11-де оқшауланды.
"Тілсіз жауды" ауыздықтауға ТЖ департаменті (35 қызметкер, 7 техника), орман шаруашылығы мекемесі (5 қызметкер, 1 техника) жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі тұрғын үйде өрт болып, 17 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған