Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОПЕК+ келісімінен шығу Қазақстанның жоспарында жоқ

Қазақстан ОПЕК
Фото: REUTERS/Dado Ruvic

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК және бұл ұйымға кірмейтін мемлекеттер арасындағы келісімнен ОПЕК+-тен шығу әзірге Қазақстанның жоспарында жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрінің кеңесшісі әрі ресми өкілі Асель Серикпаева Қазақстан мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен бұл ұйымға кірмейтін мемлекеттер арасындағы келісімнен шығуды жоспарлмағанын айтты. 

“Бүгінде елдің альянсқа қатысу форматын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ", – деді ол.

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері 2026 жылы 1 мамырдан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) құрамынан және ОПЕК+ форматынан шығатынын мәлімдеді. 

Араб Әмірліктері мәлімдемесінде бұл шешім елдің ұзақ мерзімді экономикалық стратегиясымен, энергетикалық профилінің өзгеруімен және мұнай өндіруге инвестицияларды арттырумен байланысты екені айтылған. ОПЕК-тен шыққаннан кейін БАӘ нарықта "жауапты рөлін" жалғастырып, сұраныс пен нарықтық жағдайларға қарай мұнай өндіруді біртіндеп арттыруды жоспарлап отыр.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 15:36