Қазақстандық онлайн казино ұйымдастырып, 2,8 миллиард теңгесінен айырылды

Шымкентте ер адам заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам покер клубы форматында жұмыс істейтін онлайн-казиноны басқарып, оны мобильді қосымша арқылы қолжетімді еткен. Бұл “кәсібі” арқылы ол аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.
Бірінші сатыдағы сот қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.
ОқыңызБас прокуратураның сұрауымен кассациялық сот шартты түрде сотталуды жойып, 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айыпталушы мемлекет пайдасына 2,8 миллиард теңге өтеуге міндеттелді. 2,8 миллиард теңге – онлайн-казинодан түскен заңсыз кіріс мөлшері.
Еске салайық, Қазақстанда онлайн казиномен 3,1 миллиард теңге табыс тапқан ер адам Грузияда ұсталған еді. Ойын платформасының жұмысы үшін мыңнан астам құмар ойын ойнау үшін “bingo37.pro” сервисі пайдаланылған. Олардың қатарында "Crazy Monkey", "Keno", "Euro Game" және басқа да танымал ойындар бар.