Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім орынбасары полицияға жүгінгеннен кейін Instagram-дағы жазбасы үшін блогерге айыппұл салынды

жалған ақпарат таратқан блогер
Фото: freepik.com

 

Степногорскіде блогер әлеуметтік желіде инфрақұрылым жобаларына қаржы бөлінбеді деген жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот анықтағандай, 2026 жылдың ақпанында ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында 2025 жылы Степногорск кәсіпорындары республикалық бюджетке қаражат аударғанын, алайда 2026 жылға облыс тарапынан инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде магистральдық су құбырына қаржы бөлінбегенін жазған жарияланым орналастырған.

Степногорск әкімінің орынбасары видеода шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер бар деп полицияға жүгінгеннен кейін, блогерге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды.

Блогер өз кінәсін мойындамай, жарияланым жарияланған сәтте облыстық бюджеттен ешқандай қаржы аударылмағанын мәлімдеді.

Ақырында ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 86 500 теңге айыппұл арқалады.

Қала әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің мәліметінше, 2026 жылға облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде магистральдық су құбыры жобасын қаржыландыру да қарастырылған.

Сот барысында блогер өз кінәсін мойындамады. Дегенмен, жарияланған бейнежазба мен ресми органдардың мәліметтері оның жалған ақпарат таратқанын дәлелдеді.

Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев бұған дейін "Жала жабу" бабы бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді. Алайда кейін Қазақстан Жоғарғы соты бұл шешімді заңсыз деп танып, істі толық тоқтатты. Сот блогерге тағылған айыптың негізсіз екенін анықтап, бірінші сатыдағы қаулының күшін жойды. Енді Сәрсенбаев заңсыз жауапкершілікке тартылғаны үшін өтемақы талап етпек.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 16:24