Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлын қызғанған ене "сұлулық патшайымы" атанған келінін өлтірді деп айыпталды

Каролина Гомес
Фото: JamPress

Мексикада бұрынғы сұлулық ханшайымы Каролина Флорес Гоместі өлтірді деген күдікке оның енесі ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

27 жастағы Гомес 16 сәуір күні өз үйінен басына оқ тиген күйде табылды. Оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Каролинаның күйеуі Алехандро болған оқиғаға өз анасы Эрика Марияны айыптады. Алайда тергеу ер адамның полицияға бірден хабар бермегенін анықтаған.

Тергеушілердің қолына бөлмеге орнатылған бейнебақылау камерасының жазбасы түскен. Онда 15 сәуір күні Гоместің енесіне бір стақан су алып келу үшін асүйге кеткені көрінеді. Мария оның артынан асүйге барған, содан кейін оқ атылған. Бөлмеге баласын көтеріп Алехандро жүгіріп кіріп, анасынан әйеліне не үшін оқ атқанын сұраған.

“Ол менің ашуыма тиді. Сен менікісің, ол сені менен тартып алды”, – деген әйел.

Алехандро атыс туралы полицияға тек келесі күні хабарлаған. Ал Эрика Мария ол уақытта ізін суытып үлгерген. Бұрынғы сұлулық ханшайымының достарының айтуынша, енесі оны үнемі қорлап келген. Жанжал Гомес жүкті болғаннан кейін күшейе түскен.

Каролина Гомес 2017 жылы 17 жасында жасөспірімдер арасындағы “Мисс Төменгі Калифорния” атағын жеңіп алып, көпшілікке танылған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 16:33