Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасылық жанжалдан кейін кетіп қалған": Алматыда ер адам екі айдан бері табылмай жатыр

Бауыржан Олжас
Фото: instagram/volontery_lider.kz_almobl

Алматыда ер адам екі айдан бері табылмай жатыр. Lider.kz еріктілерінің айтуынша, ол үйінен отбасылық жанжалдан кейін кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

36 жастағы Бауыржан Олжас 19 наурызда жоғалып кеткен. Ол Әуезов ауданы, Таугүл-3 шағын ауданы, Мұхамеджанов көшесі, 71-де орналасқан үйінен кетіп қалған.

Бойы: 190 сантиметр, орташа дене бітімді, қара сұр шашты, қоңыр көзді.

Жоғалған күні қандай киімде болғаны белгісіз.

Іздеу топтары жоғалып кеткен ер адамның болуы мүмкін барлық орынды тексергенін атап өтті. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеді.

Егер Бауыржан Олжастың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, +77051053131, +77013759291 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp арқылы хабарласыңыз.

“Сізді жақындарыңыз іздейді, күтеді, сіз үшін алаңдайды. Сізді сүйетін және бағалайтын адамдарға қарай қадам жасаудан қорықпаңыз. Кейде бір қоңырау жүрек жарасын емдеп, көз жасын тоқтата алады. Қайда болсаңыз да, оларға тірі екеніңізді білдіріңіз. Олар сізді үйде асыға күтуде", – деп жазды еріктілер.
Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026 09:03