Алматыда із-түссіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды

25 жастағы Ерзат Егізбай 19 мамыр күні жұмысқа шығып, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестірді. Еріктілер ұйымдарының бірі Алматыдан жігіттің денесі табылғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерзат Егізбайды іздеуге Алматы қалалық полиция департаменті жеке құрамының барлығы жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына жергілікті аумақтарды тексеру және іздеу парақтарын тарату үшін "Қоғам" және "Лидер KZ" еріктілер ұйымдарының мүшелері де тартылды.
"Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл ауыр қазаны еңсеруге сабыр мен күш тілейміз. Іздеу жұмыстары аяқталды... Өкінішке қарай, қаралы хабармен аяқталды", – деп жазды "Лидер KZ" еріктілері Instagram парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 25 жастағы жігіт белгісіз жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік.
Ерзаттың жоғалғаны туралы арызды 2026 жылы 19 мамыр күні Жетісу ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне оның туған ағасы Азамат Егізбай жазған. Оның айтуынша, Ерзат 19 мамыр күні шамамен сағат 14:30-да Райымбек даңғылы бойында (147Б үй маңындағы) орналасқан құрылыс нысанынан шығып кеткен. Оның осы уақытқа дейін қайда екені белгісіз.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?