Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

өрт
Фото: ТЖМ

Астана қаласы Сарайшық ауданында Қошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында медициналық қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды.

 Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.

Құтқарушылардың арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026 08:23