"Бұл тұрмыстық жағдай": Бозымбаев Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өртке қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысында 12 адам қаза тапқан өртке қатысты тергеу жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтегі баспасөз мәслихатында журналистер Бозымбаевтан тергеудің қай сатыда екенін сұрады.
Вице-премьердің айтуынша, тергеу ісі іс жүзінде аяқталған. Өрттің шығуына тұрмыстық жағдай себеп болған.
Оқыңыз“Түркістан облысында бір отбасыда болған өртке тұрмыстық жағдай себеп. Меніңше, тергеу аяқталған шығар. Онда электр құрылғылары болған”, _ деді ол.
Бозымбаев қаза тапқандар саны көп болғандықтан үкіметтік комиссия құрылғанын мәлімдеді.
“Егер бес адамнан көп адам қаза тапса, үкіметтік комиссия құрылады. Оның құрамына Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері және басқа да органдар кіреді. Алғашқы айда бірнеше рет жиналып, жағдайды бақыладық. Сараптама жүргізілген соң бұл тұрмыстық жағдай екені белгілі болды”, – деді вице-премьер.
Айта кетейік, былтыр 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында жеке үйде өрт болып, 9 бала мен 3 ересек адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде тұрғын үй толықтай отқа оранғаны анықталған. Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған. Алдыңғы күні үй иелері бір шара тойлаған. Сондықтан көптеген адам түнеп қалған. Ал балалар омбудсмені Динара Закиева үйде екі отбасы болғанын жеткізген еді.
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды