"Клиникалық өлім жағдайында болды": Қостанайда 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Қостанайда 5 жасар бала бассейнге батып кетті. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, бассейнге батып кеткен балаға жедел жәрдем қызметкерлері сәтті реанимация жасаған.
"103 желісіне шақырту сағат 16:17-де түсті, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 16:21-де жетті. Шақырту себебі – суға кету. Бала 2021 жылы туған", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар екінші бригада да қосымша көмекке жіберілді. Дәрігерлер жеткен сәтте бала клиникалық өлім жағдайында болған.
Ведомство мәліметінше, бригада сәтті реанимациялық шаралар жүргізіп, баланың жүрек соғысын қалпына келтірген. Науқас интубацияланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұған дейін Талғарда екі жасөспірім суға батып көз жұмған еді. Қайғылы жағдай туралы хабарлама 8 мамыр күні 112 нөміріне келіп түскен. Ата-анасының қарауынсыз қалған екі кәмелетке толмаған жасөспірім демалысқа арналмаған аумақтағы су айдынының маңында болған. Сөйтіп абайсызда суға құлап кеткен.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?