Мамандар маусымда қай аймақта құрғақшылық болатынын айтты
“Қазгидромет” мамандары маусымда қай аймақта құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:
- Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
- Қарағанды облысында – Шет ауданында;
- Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
- Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
- Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
- Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
- Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
- Жамбыл облысында – Талас ауданында;
- Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
“Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары. Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіледі”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан