Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK біртіндеп нарықты жаулап келеді: Несие портфелінің динамикасы жоғарылады

рбк 1

2026 жылдың 1 шілдесінде шыққан санақ бойынша, Қазақстанда 23 екінші деңгейлі банк бар. Соңғы жылдары еліміздің банк секторы қызметінің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша қарқынды өсіп келеді. Сонымен қатар, кез келген мемлекеттің экономикалық өсімінің негізгі факторларының бірі болатын экономиканы несиелендіру де артып келеді.

Ranking.kz-тің мәліметінше, екінші деңгейлі банктердің несие портфелі былтырға қарағанда биыл 14,4%-ға ұлғайып, 44,8 трлн теңгеге жетті, ал экономиканы несиелеу көлемі 5,6 трлн теңгеге өсті. Тілге тиек етейік, елдегі банктердің саны көп болуына қарамастан, нарықтың негізгі өсімін ірі қатысушылар қамтамасыз етеді. Несие портфелінің жылдық өсімінің 86%-дан астамы ірі қаржы институттарына тиесілі. Сондай-ақ жеке банктердің динамикасы ерекше көзге түседі. Жалпы, 23 екінші деңгейді банктердің 15-інде ғана несие портфелінің өсімі тіркелді. Жеті банктің ішінде екі ірі банктің динамикасы теріс нәтиже көрсетті, ал тағы бір қаржы институтында жылдық динамика мүлдем жоқ жоқ. 

Несие портфелінің жылдық көрсеткіші 35,7% өсіп, Bank RBK көшбасшы болып алға шықты. Бұл орта есеппен алғанда және басқа ірі банктерге қарағанда сектордағы екі есе жоғары. 2026 жылдың 1 шілдесінде банктың несие портфелі алдыңғы 1,2 млрд қарағанда, 1,7 миллиардқа өсті. 

Банктің көшбасшы болуы кездейсоқтық емес. Қаржы институты бизнеске де, халыққа да арналған несие өнімдерінің кең ауқымын ұсынады. Bank RBK несие портфелінің жартысынан астамы корпоративтік секторды, яғни бизнесті несиелендіруге тиесілі. Банктің жақында жарияланған 2025 жылғы есебіне сүйенсек, коммерциялық несиелендіру көлемі бір жыл ішінде 32,5%-ға, ал шағын және орта бизнеске берілген несиелер көлемі 42,2%-ға өскен. Осылайша, нарық көшбасшыларының несие портфельдерінің өсуіне корпоративтік несиелендіру көлемінің артуы әсер еткен. Қазақстандағы ірі екінші деңгейлі банктер арасында несие портфелінің жылдық өсімі бойынша екінші орынды Bereke Bank иеленді. Оның портфелі 27,5%-ға өсіп, 1,7 трлн теңгеге жетті. Ал портфель өсімі бойынша үшінші орынға Home Credit Bank жайғасты. Аталмыш банктың портфелі 26,4%-ға артып, 1,1 трлн теңгені құрады. 

Айта кету керек, банк секторындағы несиелендірудің өсімі соңғы бесжылдықта нәтижелер көрсетілген. Оған дейін нарық тұрақсыз болып, көптеген қиындықтар болған. Мысалға, соңғы бес жылда ҚР ЕДБ-нің несие портфелі 2,5 еседен астам өсті. Ал 2022-2026 жылдар аралығындағы орташа жылдық өсім қарқыны 21,8% болды. Алдыңғы бесжылдықта орташа жылдық өсім небәрі 2,2% деңгейінде болған.

Түсінікті болу үшін несие портфелі көлемінің уақыт бойынша динамикасын қарастырайық:

  • 2016 жыл – 15,3 трлн теңге → бес жылдан кейін, 2021 жылы – 16,8 трлн теңге. Өсім 9,5% немесе 1,4 трлн теңге. 
  • 2021 жыл – 16,8 трлн теңге → бес жылдан кейін, 2026 жылы – 44,8 трлн теңге. Өсім 2,5 еседен астам немесе 28 трлн теңге.

Сектор бойынша биылғы өсімге келетін болсақ, құрылымындағы жағдай мынадай:

  • бизнеске (қаржылық емес секторға) берілген несиелер 17%-ға өсті; 
  • қаржылық заңды тұлғаларға берілген несиелер 19,2%-ға артты; 
  • жеке тұлғаларға берілген несиелер 14,6%-ға өсті. 

Осылайша, Қазақстандағы банктік несиелендіру жоғары қарқынын сақтап отыр. Ең жоғары өсім бизнеске берілген несиелерге тиесілі. Бұл кәсіпкерлік және экономиканың нақты секторын қаржылық қолдаудың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Өз кезегінде бұл экономикалық белсенділіктің одан әрі өсуіне негіз қалыптастырады.

Лицензия №1.1.821.135, 15.07.2026 ж., Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен берілді

Назархан Уән
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026 11:00