Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түпнұсқаны басып озды": Әнші Қайрат Баекенов Валерий Меладземен дуэт орындап, оны таңғалдырды

Қайрат Баекенов
Фото: Видеодан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Баекенов пен Валерий Меладзе бір сахнада дуэт орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде екі әншінің кештердің бірінде бірге ән шырқаған сәтінің видеосы тарады. Қолданушылар әсіресе Қайрат Баекеновтің вокалдық шеберлігіне назар аударып, оның орындауын жоғары бағалап жатыр. Кадрлардан Валерий Меладзенің де қазақстандық әншінің дауысына таңғалып, оған ерекше ықыласпен қарағанын байқауға болады.

Желіде Қайрат Баекеновтің дауысы мен сахнадағы еркіндігіне қатысты жылы пікір көп.

“Қаласаң, осылай да айта алады екенсің ғой”, “Түпнұсқаның өзі кавер болып қалғандай”, “Меладзенің өзі таңғалып тұр”, “Ол осы сәтті өмір бойы күткендей. Браво! Дәл түсті”, “Қайрат, жарайсың! Меладзенің әндері – жастық шағымның куәсі. Дуэт керемет шыққан”, “Дауысы керемет”, “Тек оларға соншалықты көп ақша төлемейді, әйтпесе өздері мықты”, – деп жазды желі қолданушылары.

Көпшілік екі әншінің дуэтін жоғары бағалап, Қайрат Баекеновтің мұндай форматтағы өнерін жиі көргісі келетінін жазған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026 13:35