Синоптиктер алдағы күндері +42 градусқа дейінгі аптап ыстық болатынын болжады
Қазгидромет еліміз бойынша 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдымен солтүстік циклон батыстан шығысқа қарай жылжып, салдарынан жаңбыр, найзағай болып, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жауады деп болжануда.
- Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күн ыстық болады. Температура +34 +44°С аралығында. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл және желдің күшеюі күтіледі.
- Алматы облысы мен Жетісу облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай болады. Жетісуда кей жерлерде дауылды жел мен шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы +34 +44°С.
- Түркістан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Күндіз +27 +35°С, оңтүстігінде +35°С-қа дейін.
- Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал және шаңды дауыл күтіледі. Күндіз ауа температурасы +27 +40°С аралығында.
- Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +25 +35°С.
- Қызылорда облысында таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз +37 +42°С.
“Ал 15 тамызда циклонның артынан антициклон келе бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және Қазақстанның батыс өңірлерінде ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы тұрақты түрде ыстық болады. Термометр бағаны +37 +42 градусқа дейін көтеріледі”, – делінген хабарламада.
Синоптиктер жаздың соңғы айында еліміздің оңтүстігі мен батысында негізінен ыстық ауа райы сақталатынын айтқан еді. Ал солтүстік жартысында жаңбыр мен найзағай аралас қалыпты жылы ауа райы болжануда.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
Әр велосипедтің құны 1,3 миллион теңгеден асады: Астана әкімдігі мұны не үшін алғанын түсіндірді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
