Оңтүстік Кореяда жүздеген адамдар бетперде алу үшін кезекке тұруда
Жүздеген оңтүстік кореялықтар елдегі коронавирустық індеттің эпицентріне айналған Тэгу қаласында бетперде алу үшін ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Індетті жұқтырғандар саны бойынша Оңтүстік Корея Қытайдан кейін екінші орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша Оңтүстік Кореяда 977 жұқтыру жағдайы және 11 өлім тіркелген.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ким Ган Нип вирустың таралуы "ауыр деңгейге жетті" деп мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша аурудың 1200-ден астам жағдайы Қытайдан тыс 26 елде тіркелген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"