Оңтүстік Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды (видео)
Оңтүстік Кореяның Кванжу қаласында төбелескен 19 қазақстандық ұсталды. Бұл ақпарат Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде расталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"18 сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванчжу қаласында осы елде заңсыз жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жанжал болды. Оқиға нәтижесінде жергілікті полиция қызметкерлері Қазақстанның 19 азаматын ұстады", - деді департаменттің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ол Оңтүстік Кореядағы елшіліктің консулдық бөлімі болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатқанын атап өтті.
"Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап, жергілікті полиция және көші-қон қызметімен байланыста", - деді шенеунік.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді