840 мыңнан аса қол жинаған: Оңтүстік кореялықтар президентінің отставкаға кетуін талап етіп петиция жариялады
Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялауды талап еткен петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Interfax.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CFP
840 мыңдай азамат петицияға қол қойған. Тіпті қол қойғысы келетіндердің көптігінен сайтта ақау болған. Кейінгі күндері бұл құжатқа қол қойғысы келетіндер бірнеше сағат кезекте тұруға мәжбүр.
Петиция 20 маусымда пайда болды. Оңтүстік Корея заңына сәйкес, бір айда 50 мыңнан астам дауыс жинаған кез келген петиция парламенттік комитеттің қарауына берілуі керек.
Петицияда Юн Сок Ёл елде болып жатқан дағдарыстарға байланысты отставкаға кетуі керек делінген. Оңтүстік Корея мен Солтүстік арасындағы шиеленіс өршіп, экономикалық жағдай нашарлады, жемқорлық деңгейі артты дейді.
Демократиялық партия құжат қашан қаралатынын әлі шешкен жоқ.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық