Оңтүстік Кореяда коронавирустың таралуының екінші толқыны басталды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың жаңа рекордтық саны тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір тәулік ішінде әлемде 183 мың адамға коронавирус диагнозы қойылған, оның 50 мыңнан астамы Бразилияға тиесілі.
Сонымен қатар, Оңтүстік Корея аурудың таралуының екінші толқынының басталғанын мәлімдеді.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, дүниежүзінде Covid-19 жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты, 470 мыңға жуық өлім-жітім тіркелді. 4,4 миллионға жуық адам коронавирустан сауығып кетті.
Айта кетейік, қазір инфекцияның таралуының негізгі ошағы Латын Америкасы болды, сондай-ақ Үндістан мен Пәкістанда сырқаттанғандардың саны тез өсіп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"