Оңтүстік Қазақстанның 60 жастағы тұрғыны велосипедпен Меккеге барды
Оңтүстікқазақстандық Тожалы Акрамов велосипедпен Меккеге жетті.

Алпыс жастағы ақсақал қажылық парызын өтеуге бір жыл бұрын дайындалған. Медициналық тексеруден өткен соң, керек-жарақтарын қамдап, жолға шыққан. Ол Өзбекстанның Самарқанд қаласы арқылы Тәжікстанға аялдап, дем алғаннан кейін сапарын жалғастырған, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
«Ұшақпен әркім-ақ барады. Менікі ат шығару емес, қажылық парызын өтеудің қиындығына төзіп Меккеге жету. Ұлық Алладан Меккеде туған ел, туған жер амандығын сұрап, мінәжат етемін», – дейді жиһанкез қария. Акрамов айтқанында тұрып Меккеге велосипедпен жетіпті.
Тағы да оқыңыз:
Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек
Қытай билігі мұсылмандардың азанының сөзін өзгертіп тастаған (фото)
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып, ауруханаға түсті
Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған
Қазақстанды дүр сілкіндірген теракт: Жалғыз адам екі сағатта қалай бірнеше адамның өмірін қиды
2011 жылы 12 қарашадағы шабуыл аяқ астынан болмады