"Онлайн ойын себеп болуы мүмкін": Қарағандыда 10 жастағы бала жетінші қабаттан құлап, көз жұмды
Қарағандыда 10 жастағы бала көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/denski_blog
Қайғылы оқиға туралы ақпаратпен бөліскен блогер Денис Денскидің айтуынша, оқиға кеше түнде болған.
"Оқиға туралы жазба жарияланғаннан кейін көз жұмған баланың отбасымен таныс оқырмандардан хабарламалар түсе бастады. Олардың айтуынша, баланың өліміне телефондағы онлайн ойын түрі себеп болуы мүмкін. Оқырмандардың бірі баланың өте белсенді және көпшіл болғанын, өз-өзіне қол жұмсауға ешқандай алғышарттар болмағанын айтты", — делінген блогер жазбасында.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бала өлімінің тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар