Он сегізінші жеңісі: Александр Усик Дерек Чисораны жеңді (видео)
Бүгін Қазақстан уақытымен таңертең украиналық боксшы Александр Усик (18-0, 13 КО) британдық Дерек Чисораға (32-10, 23 КО) қарсы екінші ауыр жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Он екі раундтық кездесу Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Уэмбли Аренада өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан келіскен шешімімен аяқталды. Усик жеңіске жетті (117-112, 115-113 және 115-113).
Осылайша украиналық кәсіпқой рингтегі он сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, WBO Inter-Continental чемпионы атағын жеңіп алды, ал Чисора мансабында оныншы рет жеңіліске ұшырады.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Бекзат Нұрдәулетовтің қарсыласын нокаутпен жеңгенін хабарлаған едік.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр