Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын нокаутпен жеңіп кетті (видео)

Қазақстаннан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіби рингтегі жекпе-жегін өткізді. Ол Танзания өкілі Ибрагим Маоколамен шайқасты.

Жартылай ауыр салмақтағы айқас алты раундқа есептелген. Алайда екінші рундта 22 жастағы қазақстандық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маокола мансабындағы оныншы жеңіліске ұшырады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Маңғыстау облысының тумасы Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионы болды - чемпионат Екатеринбургте (Ресей) өтті. Онда қазақстандықтар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Спортшы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Нұрдәулетовтің спорттық болашағы зор екенін атап өтті.

Тағы бір қазақстандық спортшы Данил Семенов жеңіске жетті. Төртінші раундта ол Малавиден Мусса Аджибаны (28-16-5, 24 КО) нокаутқа жіберді.

Турнирдегі үшінші нокаут қазақстандық Евгений Павловқа тиесілі. Екінші раундта ол Танзаниядан Гудлак Мреманы (23-5, 13 КО) нокаутқа жіберді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Қараша, 2020 11:22
Талқылау