Омикрон штамының бес негізгі белгісі анықталды
Британдық ғалымдар COVID-19 омикрон штамының ерте белгілері кәдімгі суық тиюге ұқсайды деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коронавирустың омикрон штамының алдын ала белгілері суық тиюге ұқсайды және дельта штаммынан туындаған аурудың жеңіл түріне ұқсас. Zoe covid Study қосымшасын жасаған Британдық ZOE компаниясының ғалымдары осы жайлы мәлімдеді.
Сарапшылар COVID-19-дың үш "классикалық" белгілері: қызу көтерілу, жөтел және дәм мен иіс жоғалуы омикрон жұқтырғандардың жартысында ғана тіркелгенін атап өтті. Сонымен қатар олар вирустың жаңа түрінің бес негізгі белгілерін атады: бас ауруы, мұрыннан су ағу, түшкіру, тамақ ауыру және қатты әлсіздік.
Ғалымдардың айтуынша, кейбір пациенттер тәбеттің жоғалуына және бас айналу сезіміне шағымданады.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс адамдарды омикрон штаммының таралуынан қорғау үшін жаңа жылдық мерекелерді тойламауға шақырды. Ол сонымен қатар жаппай іс-шараларды өткізуді кейінге қалдыруды қажет шешім деп атады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, егер әлем халқының 70 пайызы вакцина алса, COVID-19 пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін.