Омбылық қаскүнем 12 жыл бойы Қазақстанда жасырынған
63 жастағы ер азаматқа Омбы және Калачинск қаласында сегіз әйелді зорлады деген айып тағылған. Қаскөй 12 жыл Қазақстанда жасырынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Город 55” сайтына сілтеме жасап.
Сурет: Город 55
"Форточник" лақап атымен аталатын қылмыскер полициядан 12 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді. Омбы тұрғынына қатысты қылмыстық іс 2010 жылы "Зорлау" әрекеті бойынша қозғалды, кейінірек оның бірқатар қылмыс жасағаны белгілі болды. Ол құрбандарының пәтерлеріне терезе арқылы кіріп, қорлық көрсететін болғандықтан, оны “форточник” (терезеден кіруші) деп атап кеткен.
Қашқын Қазақстаннан Омбыға оралған сәтінде ұсталды. Қаскүнем Қазақстанда да қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылған.
“Ол Қазақстанда “тонау” қылмысы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеп болған соң, Омбыдағы сүйіктісіне қайтуға шешім қабылдаған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр” – дейді Омбы облысының құқық қорғау органдары.
Полициялардың айтуынша, Омбыға оралғаннан кейін де ол өзгенің мүлкін тонап, өз киімін тастап кеткен.