Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

Алматыда ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бигелді Ғабдуллин мәлімдеуінше,  Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

"Бүгін арнайы бригада оларды ковид жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Оған кіру мүмкін емес.

Маргарита Владимировна Олжекеңе қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысады, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға ерекше себеп жоқ, емдеу қалыпты жүріп жатыр", - деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус инфекциясын жұқтыруға байланысты ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

"Олжас Сүлейменов әйелімен бірге РВ-90 ауруханасына жеткізілді. 5 қаңтардан бастап олар жеңіл ауырлықтағы коронавирус инфекциясы диагнозымен емделуде. Алайда ерлі-зайыптылар сауығып келеді. Ертең, 15 қаңтарда жағдайдың жақсаруына байланысты үйде емделуге шығару жоспарланған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, Олжас Сүлейменов былтыр мамыр айында 84 жасқа толды. Ол Семейдегі полигонның жабылуына елеулі үлес қосқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр