Олимпиадаға жолдама алған қазақстандық таеквондошы Люксембургтегі турнирде топ жарды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшысы Самирхон Абабакиров Люксембургтегі G-1 санатындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Олимпиадаға жолдама жеңіп алған Самирхон Париж олимпиадасының алдында Люксембургтегі турнирде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. 63 келі салмақта сынға түскен отандасымыз қарсыластарының бәрінен бір бас жоғары екенін дәлелдеп, үздік шықты. Бұл Самирхонның олимпиадаға іріктеуден кейінгі қатысқан алғашқы жарысы.
Айта кетейік, Самирхон Абабакиров 58 келі салмақта Қытайдың Тайань қаласында өткен лицензиялық турнирде Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

