Олимпиада ойындарынан боксты алып тастауы мүмкін
Алдағы уақытта бокс жазғы Олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

"Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы кеңесі Халықаралық бокс ұйымы басқармасын асқан алаңдаушылықпен бақылайls", – делінген ХОК-тың IBA асшысы Умар Кремлевке жіберген хатында.
Бокста үдемелі реформалардың жоқтығы мен IBA-ның ресейлік "Газпром" компаниясына тәуелділігі ХОК-тың алаңдаушылығын тудырып отыр.
"Кешке кешке алған есептегі ақпаратқа сәйкес, IBA-ның әзірге өзге табыс көзі жоқ", – деп мәлімдеді комитеттің спорт директоры Кит Макконнелл.
Бұған дейін қаржылық қиындықтардың салдарынан ХОК IBA-ны Токио ойындарын ұйымдастыру және басқару ісінен шеттеткен болатын. Сондай-ақ бокс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты

