Өлі маса пәтерді тонаған ұрыны ұстауға көмектесті
Қытайда төрт пәтерді тонап кеткен ұры өлі масаның арқасында ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Global Times басылымына сілтеме жасап.

Полицейлер Фуцзянь провинциясы, Фучжоу қаласындағы пәтер тонау дерегін тергеу кезінде ұрының ізіне түсе алған. Тоналған пәтерді тексеру кезінде тергеушілер қылмыскердің пәтерде қонғанын анықтаған.
Пәтерден кеспенің қалдықтары, жұмыртқаның қабығы мен ұры ғана қолданылған заттар анықталды. Бұдан бөлек қабырғада өлген маса табылған.
Өлген масада қалған қан үлгілерін тексеріп, полицейлер ДНҚ-сараптасын жүргізген. Нәтижесінде бұрын сотталған Чай текті азаматтың ізіне түскен. 19 күн өткен соң ұры ұсталып, қамауға алынды. Әрі қарай тергеу кезінде қылмыскердің тағы үш пәтерді тонағаны белгілі болды.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері ішінде шетінеп кеткен: Туыстарының шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген