Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлгім келмейді: Денис Теннің бұған дейін жарияланбаған сұхбаты пайда болды (видео)

Олимпиада ойындарының жүлдегері, дарынды спортшы, танымал мәнерлер сырғанаушы Денис Теннің бұған дейін еш жерде жарияланбаған сұхбаты пайда болды.

Денис Тен

Бұл туралы The Steppе басылымының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен оларға бір кешке, бір секундқа болсын өздерінің адам екенін ұмыттырып, осы қуаттың, табиғаттың бір бөлшегі екенін сезіндіре алсам, менің әрекетім бекер болмас еді. Бұл менің ұнататын ісім. Оны жүзеге асыруда өзіндік қиындықтары бар. Ол туралы айтпаймын. Бірақ бұл соған тұрарлық.

Мен өзіме немесе өзімнің алдағы күні жасауым керек болған ісіме көңілім толмаған күні өлгім келмейді. Өз артымда із қалдырғым келеді», – дейді Денис Тен.

 

Басылымның хабалауынша, олар үлкен жобаны қолға алып, басты кейіпкер ретінде Денис Тенді таңдаған.

«Бұл сұхбат мұншалықты ерте жарияланбауы керек еді. Алайда біз қазірең құнды дүниені жариялауды ұйғардық. Денис, бізбен бірге жұмыс істеп, сенім артқаның үшін рақмет!» – делінеді басылымның желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау