Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы болған Олеся Кексельге қатысыты тергеу амалдары тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"5 желтоқсанда бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексельдің сот алды тергеу амалдары тоқтатылды. Бұған негіз қылмыс әрекетінін жоқтығы болды. Тиісті тексерістер жүргізіліп, қазіргі таңда іс прокуратураға жіберілді", - деді министр.
Бұған дейін ІІМ Олеся Кекселге қатысты іс тоқтатылған жоқ екендігін айтқан еді.
Естеріңізге сала кетейік, шенді әйел Олеся Кексель мен прокурор Бауыржан Ғаббасовқа қарсы кәсіпкер Ерлан Нәбиевтен арыз келіп түскен еді. Ол аталған азаматтарды тергеу кезінде қинаушылық әрекеттерге барды деп айыптаған еді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”