Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олардың мақсаты – жолдан тайдыру": Азамат Сатыбалды желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Шәкен Айманов атындағы"Қазақфильм” киностудияның аумағын қытай көліктерінің тұрағына айналдырды деп сынға қалған Азамат Сатыбалды жеке парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

фото: https://www.instagram.com/azamatc/

Актердің жазбасын оқырмандары жарыса бөлісіп, тұнып тұрған жігерлендіру деп баға беріп жатыр. 

“Бүгін қиын. Ертең одан да қиын болады. Арғы күні жеңістің дәмін сезетін боласын. Бірақ, біраз адамдар орта жолда беріліп қояды.
Ең бастысы сену және шыдау. Қайда бара жатқаныңды сенен басқа ешкім білмейді. Орта жолда жаман ой салып бағытыңнан адастыратындарға жол берме. Олардың лақтырған тасы қайта қамшы болып, сені шабыттандыру керек. Оладың мақсаты – сені жолдан тайдыру, ал сенің мақсатың – белгілеген межеге жету. Бұл айқаста мақсат – жеңіс. Ол – сенің қолыңда.
Үретіндер көп,тістейтіндер аз. Сөйлейтіндер көп,істейтіндер аз.
Сондықтан берілме бауырым. Мен саған сенемін. Алла жар болсын!”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары бірі істің ақ-қарасын ажыратып, ашық жауап беруді талап етсе, енді бірі қолдан жасалып жатқан көреалмаушылық деп жатыр.

Қазақ анимациясына үлес қосып жүрген аниматор Ғали Мырзашев: “Осы мәселенің алдын алайық деп 3 мәрте хат жолдағам, жауап та болмады. Қабылдаған да жоқсыз” деп ренішін жеткізді. “Сатаевқа да жұмыс істетпеген еді, енді кезек сізге келді”, “Қызметтен кетіп тынасыз-ау” деп болжап жатқандар да жоқ емес. 

Еске салайық, "Қазақфильм" маңын қытайлық көліктерге толтырып жіберген басшысы Азамат Сатыбалды түсініктеме бергенін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау