Оларды үйлендірмек болған: 11 жасар қыз бен 12 жасар баланың ата-анасы тұтқындалды
Мысырдың қауіпсіздік күштері 11 мен 12 жастағы балалардың ата-аналарын ұстады. Олар кәмелетке толмаған балаларын үйлендірмек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Al Arabiya сайтына сілтеме жасап.

Мәселеге билік араласқандықтан Каир қаласынан 30 шақырым жердегі Умм-Хенан ауылындағы балаларды некелестіру оқиғасы бүкіл қоғамға белгілі болды.
Неке жайлы зергерлік дүкеннің иесі қалыңдыққа сатып алған алтын әшекейлерін Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған кезде белгілі болған. Мысырлық дәстүр бойынша бұл шабка деп аталады. Салт бойынша күйеу жігіт оны үйлену алдында болашақ әйеліне ұсынуға міндетті.
Неке рәсімін кенеттен келген полиция қызметкерлері бұзып жіберді.
Кәмелетке толмағандардың некеге тұруы Египет конституциясының балаларды қорғау туралы 80-бабына қайшы келеді. Заң бойынша 18 жастан бастап ғана некеге тұруға рұқсат етіледі.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен