Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікпен ауыратын әйел сәбиін өмірге алып келуі үшін аяғын құрбан еткен

Қатерлі ісікпен ауыратын 28 жастағы британдық әйел Кейтлин Озборн қызын өмірге алып келуі үшін аяғын кесуге шешім қабылдаған. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

британка

Кейтлин 11 жасынан бастап рак ауруымен күресіп келеді. Бала кезде қыздың аяғына остеосаркома диагнозы қойылған. Қыздың аяғына ота жасалып, тізе бөлігіне екі металл таяқшасын қойған. Сәтті жүргізілген емдеулерден кейін ауру 11 жылға артта қалып, 2016 жылы өкпе метастазаларымен оралған. Осы уақытта Кейтлин екі бірдей баланы өмірге әкеліп үлгерген. Ол өзінің бақытты екенін жеткізеді, себебі "балалар онкологиясы" екі-үш жылдан кейін қайта белгі береді. Алайда әйел толық 11 жыл салауатты өмір сүрген.

Арада бір жыл өткеннен кейін ауру қайта қайталанады. Бұл жолы аяқтың ауырсынатын ісігі пайда болады. Сонымен қатар жүргізілген тексеру нәтижелері Кейтлиннің аяғы ауыр екенін анықтаған. Әйелде екі таңдау болды – баланы алдырып, химиятерапияны бастау немесе аяғын құрбан етіп баланы көтеруге және босануға уақыт ұту. Дәрігерлер оның бір шешім қабылдауы үшін бір апта ойлануға уақыт береді.

Өзінің қызы болғанын көптен армандап жүрген Кейтлин өзіне және дүние есігін ашып үлгермеген нәрестесіне мүмкіндік беруге тоқтайды. 
Ампутациядан кейін әйел қызды өмірге алып келіп, оған Аида-Мэй есімін береді.

"Егер мен аяғымды кесуге шешім қабылдамағанымда қызымды өмірге алып келмес едім, ал химиятерапия түптің түбінде менің аяғымды аман алып қала алмас еді. Мен еш өкінбеймін", – дейді Кейтлин қызы туралы. 

Болашақта әйел аяғына протез орнатуға үмітті. 

Өзінің балаларына Кейтлин жаңа аяғын транформерлер жасап береді деп айтқан.

Талқылау