"Олар мені ашуландырып жіберді": Даня Милохин қазақстандық балаларға неліктен боқауыз сөз айтқанын түсіндірді
Әлеуметтік желіде Қазақстанда жүрген Дания Милохиннің балаларды боқтаған видеосы тараған еді. Кейін Tik-Tok жұлдызы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Даня Милохиннің сөзінше, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Себебі балалардың өздері жігітті ашуландырған.
"Қазақстанда кішкентай баланы боқтаған видео бірден тарап кетті. Мен мұны мәдениетті түрде жеткіздім, мен боқтадым. Өйткені, расымен, мені ашуландырып жіберді. Мен оларға соңымнан жүрмеулерін сұрадым, өйткені барлығымен суретке түсе алмаймын ғой", – деді ол.
Милохин бастапқыда балаларға түсіндіріп көрмек болғанын айтады.
"Олар камераны өшіріп тастап, бұл кезде бұдан да жаман сөздер айтқан. Ондай балалар бар, олар мұндайды ұнатады. Балалар менің боқтайтынымды білді, видеоға түсіріп, жариялап жібергісі келді. Дәл солай болды", – деді Милохин.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды