Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар бізге оқ атумен тоқтамай, артымыздан аңдыды": Жараланған діни басқарма басшысы Нұрлан Кәкімов шабуыл жөнінде айтты

Жараланған Алматы қалалық діни істер басқарма басшысы Нұрлан Кәкімов қазіргі жағдайы мен шабуыл жөнінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews-қа сілтеме жасап.

“Дәл қазір мені басқа ауруханаға ауыстырып жатыр. Қай жерде жатқанымды хабарлай алмаймын. Жедел түрде қажет операциялар жасалынды. Алайда оқты денеден ала алмады. Дәрігерлерлдің айтуынша, ағза қалыпқа келген соң операцияны жоспарлы түрде жасау қажет. Арқа тұсынан тиген оқ өкпеге зақым жетіп зақымдаған”, – деді Кәкімов.

Қазір шенеунік ауруханалардың бірінде ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты. Ол сонымен қатар 6 қаңтарда әкімдіктің террорлардан бостылғанын естіп барғанын айтты.

“Біз зардап шеккен орынның шығынын есептеуге шыққан болатынбыз. Олар жоспарлы түрде бірігіп, бізге шабуылдады. Оқ жаудырып қана қоймады. Сонымен қатар артымыздан аңдыды”, – деді ол.



Еске салсақ, Бақытжан Сағынтаевқа да 6 қаңтарда шабуыл жасалынып, әкімнің жүргізушісі жарақат алған болатын. Сағынтаев дін аман. 

Талқылау