Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарақшылар түнде мәйітханаларға шабуыл жасаған": Тоқаев лаңкестердің әрекеті туралы айтып берді

Қасым-Жомарт Тоқаев ланкестер түнде мәйітханаларға шабуыл жасағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жақын арада жұртшылыққа Қазақстанға лаңкестік әрекетті ұйымдастыру туралы айғақтар ұсынылады. Лаңкестер әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының киімін киіп, өздерінің байланыс құралдарын пайдаланды.  Олар өздерін тірі қалқан ретінде бейбіт шерушілермен көмкерді. Қарақшылар түнде мәйітханаларға шабуыл жасап, қайтыс болған сыбайластарының мәйітін алып кетті", –  дейді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы елордадағы президент резиденциясына шабуыл ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

"ҰҚШҰ-ның келгенін білген содырлар президент резиденциясын басып алу жоспарларынан бас тартты. ҰҚШҰ Қазақстанға 2030 адам мен 250 техника әкелді.  Ұйым өзінің өзектілігі мен тиімділігін көрсетті. Қазақстанда конституциялық құрылыс қалпына келтірілді", – дейді Тоқаев.



Қазақстан президенті елде антитеррорлық операция әлі жалғасып жатқанын хабарлады.  

"Операция жалғасуда. Өздерін жасырудың жаңа тактикасын қолданып жатқан содырларды анықтау бойынша жоспарлар дайындалуда. Олар қазір азаматтық киім киіп, сақалдарын қырып тастаған. Алда қыруар жұмыс күтіп тұр.  Бұған тіпті құқық қорғау органдары мен армияның ардагерлері де тартылған", – деді Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздіктің кезектен тыс сессиясында.

Талқылау