Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сөз шеберін сыйлаймыз”: Ninety one тобы Ринат Зайытовқа көзқарасы жайлы

Q-pop бағытында ән салатын “91” тобы бір кездері өзін сынаған Ринат Зайытов жайлы не ойлайтынын айтты. Топ солистері ауылда жүрген кездерінде ақын қатысқан айтыстарды үзбей көріп келген екен. Сол себепті оның айтқан пікіріне қарамастан сыйлаймыз, дейді жігіттер.

"Сөз шебері": Ninety one тобы Ринат Зайытовты сыйлайтынын айтты

Бұл туралы Stan.kz “Пендеміз ғой” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Ол кісімен бетпе-бет кездескен емеспіз. Бірақ біз ол кісіні өте сыйлаймыз. Себебі біз үшін өте батыл адам, сөз шебері болып қалады. Өзіміз ауылда жүргенде де, ол кісінің айтыстарын қарайтынбыз. Сол үшін де сыйлаймыз.

Адамның әртүрлі пікірі бола береді. Әркімнің өз ойы, ұстанымы бар. Бірақ одан сыйластық кетпеу керек”, – дейді “91” тобының жігіттері.

Сұхбат барысында, “91” тобы әлі күнге дейін тойға шықпайтындарын мойындады.

“Тойдың өзінің әртістері бар. Бізге сұраныс бар дейді. Біз өзіміз білмейміз”, – дейді жігіттер. Айтуларынша, келіп түскен ұсыныстардан олардың продюсері Ерболат Беделхан ғана хабардар.

“Бізде саундрайдер өте қатаң. Ал мейрамхана, тойханаларда ол саундрайдер 100 пайызға орындалмайды. Оған кепілдік бере аламын. Нақты сахна құрылса, бәрі дұрыс болса, акустика, дыбыс жағынан, көзбен қарағандағы көрініс дұрыс болса, кез келген жерге шығамыз. Бізге маңыздысы сахна мен дауыстың сапасы”, – дейді “91” тобының мүшелері.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау