Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол Қазақстанда өсе алмайды: Алуа Қонарова Димашқа Қытайда қалуға кеңес берді

Димаш Құдайбергеновтің шыққан биігі – феномен бе, талант па әлде қытайлық продюсерлердің кәсібилігі ме? Бұл сұрақтарға танымал қазақстандық продюсер Алуа Қонарова «NewTimes.kz» басылымына берген сұхбатында жауап берді.

Dimash 1204

«Қытайлық продюсерлер әлем стандарттарына сай жұмыс істейді. Біріншіден, олар Димаштың имиджін түбегейлі өзгертті.

Имидждің рөлі зор: сәнді шаш үлгісі және байқаудың әр кезеңінде оның киген киімдері өте стильді болды. Үлкен іс атқарылды. Әрине, Димаштың өзінің қатысуымен.

Сондай-ақ, бұл байқауда репертуар таңдаудың маңызы зор. Димаштың репертуары өте сәтті таңдалған, барлығы оның даусына сай келеді және әртүрлі өлеңдер. Мейлі, ол басқа әншілердің әні болса да, бастысы оның вокалдық мүмкіндіктерін, ерекше даусын көрсететін әндер», – деп бастады сөзін Алуа Қонарова.

Продюсердің айтуынша, қазақстандық авторлар Димаштың вокалдық мүмкіндіктерін көрсете алатындай ән жазып бере алмаған. Одан бөлек, Димаш бірде бір қазақстандық продюсердің көмегіне жүгінбеген.

«2011 жылы Димашпен әңгімелескен едім. Сонда ол ән жаздырып, бейнебаян түсіргісі келмейтінін, себебі оған қызықпайтынын және өзге әртістерге ұқсағысы келмейтінін айтқан еді. Ол халықаралық байқауларға қатысып, бар әндерді орындағысы келеді. Бәлкім ол кезде жас болған шығар. Мүмкін қазақстандық продюсерлерге сенбеген шығар», – деп түсіндірді Қонарова.

Сұхбат барысында Алуа Қонарова Димаштың бойында орын алған өзгерістер жайын сөз етті.

«Барлығы жақсы жағына қарай өзгерген. Жалпы ол табиғатынан өте харизмалы жігіт. Ал Қытай оны барынша көрсете алды. Өз елінде жоқ еркіндікті Димаш Қытайдан тапты. Әдетте біздегі іс-шаралардың барлығы бір тақырыпқа бағытталады. Ал онда өзін-өзі таныту еркіндігі бар.

Бастысы, ол аяғында нық тұрса болды. Атақ пен даңқ басты тез айналдырады. Өзінің қарапайымдылығын сақтай алса, алдағы уақытта да осындай тәрбиелі жақсы бала болса, осы қасиеттерін жоғалтып алмаса, болашақта ол бұдан да биік мансапқа қол жеткізеді», – дейді продюсер.

Қонарованың айтуынша, Димаштың жетістікке жетуінің сыры – оның таланты мен қытайлық продюсерлердің кәсібилігінде.

«Димаштың Қытайда қалғанын қалар едім. Елге келсе, түрлі шараларға қатысып, қомақты қаражат табатыны белгілі. Алайда мұнда ол өсе алмайды. Көп ұзамай-ақ ол Қазақстанның шегіне жетеді. Мұнда Қытайдағыдай тәжірибе жинай алмайды. Бұл менің жеке пікірім. Даму үшін Қытайда қалуы керек. Оны бүкіл әлем, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері түгел тануы үшін сонда қалуы тиіс», – деп түйіндеді сөзін Алуа Қонарова.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды (фото)

Димаш «Freshasia music» рейтингінде көш бастады

Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)

Әлеуметтік желі арқылы дауыс беру Димаштың байқаудағы нәтижесіне әсер етпейді

Талқылау