Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды (фото)
Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға (7,2 миллион теңге) сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Киім Қытайдың mpaimai.jd.com ғаламтор сауда желісінде аукционға шығарылған. Бастапқы бағасы 188 юаньнан (8 500 теңге) басталды. Оны сатып алуға 19 640 адам қатысып, 32 адам баға көтерген. Қорытындысында киім 158 890 юаньға сатылып, жеңімпазға Iphone 6S телефоны сыйға тартылған.

Mpaimai.jd.com сайтының хабарлауынша, киімді Димаш 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасы кезінде аталмыш сайтқа тарту еткен. Ал сайт атақты әншінің киімін сатудан түскен қаражатты Қытайдағы балалар қорына аударып, көмекке зәру балаларға жұмсайды.

Тағы да оқыңыз:
Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар