Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш «Freshasia music» рейтингінде көш бастады

Димаштың Қытайда өтіп жатқан «Singer – 2017» байқауының оныншы кезеңінде Қазақ-қытай тілінде орындаған «Ұмытылмас күн» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170410145642

Рейтинг Азиялық әншілердің Қытайдағы танымалдылығына байланысты 10 минут сайын жаңартылып отырады. Онда әндердің тыңдалымы, ақылы түрде жүктеп алынуы бойынша ұпайлар беріледі. Тізімге әншінің бір мезгілде үш әні ғана ене алады.

20170410145622

Жаңа рейтингте Димаштың «Ұмытылмас күн» әні 118400 ұпай жинап 1- орын, «Battle of Memories» киносының саундтрегі  «Memories That Can’t Take Away» әні 115029 ұпаймен 2-орыннан көрінді. Ал Димаш байқаудың жетінші кезеңінде шырқаған «Дайдидау» әні 14-орынға жайғасты. Freshasia music-тың 3 сәуірден 9 сәуірге дейінгі 96-кезекті апталық ТОП-20 рейтингінде Димаштың орындауындағы «Ұмытылмас күн» 2-орын, «Memories That Can’t Take Away» 4-орын, «Дайдидау» 20-орыннан көрінді.

Тағы да оқыңыз: 

Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа ерекше сый жасады

Әлеуметтік желі арқылы дауыс беру Димаштың байқаудағы нәтижесіне әсер етпейді

Талқылау