Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол атына кір келмеу үшін қыздармен жүреді": Бірге жұмыс істеген азамат Роналдудың гей екенін айтты

Португалияның әйгілі футболшысы Криштиану Роналду Джорджинамен 2016 жылдан бері бақытты қарым-қатынаста. Олар балалы болды, алайда Роналду сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты жақында ғана жасады. Бұған дейін Роналду қыздарға мүлдем қызықпаған. Бұл туралы VIP танысу агенттігінің иесі, теле-радио жүргізушісі, украин жазушысы Петр Листерман айтты.

Листерман өз жұмысы бойынша ауқатты еркектерді, соның ішінде Голливуд актерларын, әлемге әйгілі спортшыларды, саясаткерлерді одан әрі отбасын құру үшін әдемі қыздармен таныстырады. Алайда олар уақытша ғана қыз табу үшін оған жиі жүгінеді екен.

Бүкіл әлем Роналдудың 2010-2015 жылдар аралығында ресейлік модель Ирина Шейкпен кездескенін біледі. Листерман дәл осы футболшыны модельмен таныстырған және басты мақсат мықты отбасы құру болмағанын атап өтті.


"Маған тұрмысқа шығасың ба?": Криштиану Роналду Джорджина Родригеске ұсыныс жасады


 

"Ия, бұл менің жұмысым. Оған жай ғана атын жабу керек еді, ол жігіттерді жақсы көретін. Бұл сырт көз үшін ғана әдемі қатынас болды. Ол әйгілі болу үшін, Роналдуды жақсы көретін жанкүйерлердің назарын бұзбау үшін, жанкүйерлерінің көңілін қалдырмау үшін, әйелдерді жақсы көретін адам секілді көрінді. Роналду мен Шейктің арасында ештеңе болмады ма? Мүмкін, бұл кездейсоқтық шығар, бірақ көбіне олар рөл ойнады. Ол үшін маған қаламақы берді", - деді Петр Листерман әйгілі украиналық журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатында.

Листерман мұндай жағдайларда орташа алғыс мөлшері 100000 доллар алғанын айтты.

Роналдуға қазір жігіттер ұнай ма, ол жағы белгісіз.

Талқылау