Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол адам өлтіруді алдын ала жоспарлаған": Бас прокуратура Алматыдағы бес адамның өлімінің мән-жайын айтты

Алматылық атышулы оқ атушының ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы басталды. Бүгін сотталушы Игорь Дужнов істі алқабилердің қарауынан бас тартты. Ал мемлекеттік айыптаушы тұтқынның өзі мен отбасымен үйден қуып шықпақ болған бес адамды қалай өлтіргенінің ашып берді, –деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

“Оқиға болған күні сот орындаушысы Әбенов, үйдің жаңа иесі Тұрғанов, адвокаттың көмекшісі Сәкенов, Бөкеновтің қорғаншылық органының өкілі куәгер ретінде Сақова мен Бекташұғлы қақпаның ашылған сәтін пайдаланып, үйдің ауласына кіреді. Бұл кезде Дужнов отбасын үйден шығаратынын түсініп, олармен ерегесе, бұрын құрған жоспарын іске асырмақ болады. Дужнов гаражға кіріп, ату үшін алдын ала дайындалған 10 патроны бар Вектор-307 карабинін алған”, – деді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің прокуроры Шыңғысхан Пұсырманов.

Тергеуде Дужновтың адамдарды қабырғаға тізіліп тұруға мәжбүрлегенін, кейін оларды бірінен соң бірі ата бастағанын анықтады. Содан кейін ол сыртқа шығып, полицияға оқ жаудырды, бірақ олар көліктің артына жасырынып үлгерген. Тәртіп сақшыларының бірі оқ атқан адамды залалсыздандырып үлгерді. Барлығы Дужнов карабиннен 10 рет оқ атса, оның тоғызын небәрі сегіз секундта атылған.



“Жерде жатқан мәйіттерді көрген Дужнов өз жоспарының іске асқанына көз жеткізеді. Осыдан кейін де басқа адамдарды іздей бастайды. Осы кезде аулаға жүгіріп кірген Абдулин Дужновтан карабинді тартып алып, адамдарға оқ жаудыруына жол бермеген”, – деді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің прокуроры Шыңғысхан Пұсырманов.

Дужновқа бірден "Адам өлтіру" және "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша айып тағылып отыр. 

Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында Алматының Ақбұлақ шағын ауданында болған. Игорь Дужнов өзін отбасымен бірге үйден қуып шықпақ болғаны үшін адамдарға оқ жаудырған. Ал үйі банктегі қарызы үшін сатылып кеткен еді. 

Дужнов екі полиция қызметкерін, сот орындаушысын, сондай-ақ үйдің жаңа қожайыны мен оның досына оқ атқан. Басты сот отырысы 29 наурызға белгіленген.

Талқылау