AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"35 мың еуро алған, 12 жылдан бері қайтармады": Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов тағы кімдерге қарыз?

Алматыда бес адамның өліміне себеп болған азаматтың қарызы туралы жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

Игорь Дужнов пен әйелі

Бес адамды атып тастаған Игорь Дужнов барлық таныстарына қомақты сомада қарыз көрінеді. Бұл туралы оның танысы Елена Винокурова айтып берді. 

Оның айтуынша, әйелдің отбасына Игорь Дужнов 35 мың еуро қарыз. Алайда ақшаларын 12 жыл бойы ала алмай жүр екен. 

"Бірінші кезекте қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Марқұмдардың орнында менің болуым мүмкін еді.

Игорь Дужновпен жанұямыз бұрыннан дос болып араласты. 12 жыл бойы ол менің отбасыма 35 мың еуро көлемінде қарыз. 2009 жылы әкем қайтыс болған. Сол кезде әкемнің көз жұмғанына 9 күн болмай жатып Игорь анамнан 35 мың еуро қарыз сұрап алды. Анама “отбасыны асыраушыдан айырылдыңыз, енді мен сізге қолдау көрсетіп, көмектесемін. Өз бизнесімді кеңейтіп, материалдық жағдайыңызды жасап беремін” деп құрғақ уәдесін төкті”, – деп еске алды Елена. 

Әйелдің айтуынша, оның анасы әкесінің өліміне қайғырып жүрген сәтті пайдаланып, Игорь ақшаны алып кеткен.

"Ол бұл ақшаны айналымға салып, кейіннен бәрін қайтаруға уәде берді. Анам әкемнің қазасына байланысты ойланатын жағдайда емес еді. Үш транш (белгілі бір уақыт аралығында түрлі шарттармен өтеу – ред.) бойынша ақша алды. Үш қолхат жазып берді. Екі қолхатты сотта қабылданбайтынын біле тұра қара түсті қаламмен жазған. Судья мұндай құжаттарды қабылдайтын шығар, бірақ іске жарамды деп санамайды. Яғни ол алдын ала дайындалды. Бізге қарыз ақшасынан тек 200 доллар ғана берді. Айтпақшы, ол үйде ақша барын біліп келген. Біз сол кезде таныстарымызға пәтерімізді сатқан болатынбыз. Ақша барын біліп алып, қарыз сұрап келді", – дейді Елена.



12 жыл өтсе де, ақша қайтарылмаған. Тіпті осы уақытқа дейін сот өтіп, Дужнов Елена Винокурованың отбасына ақшаларын толық көлемде қайтаруы керек деп шешім қабылдаған. Алайда әйел де, жеке сот орындаушысы да шешімнің орындалуына қол жеткізе алмаған көрінеді. 

"Сот орындаушым біздің жолымыз болғанын айтады. Өйткені бізді де дәл солай атып тастайтын ба еді? Шынында, мен бұл ақшаның қайтарымы болады деп күтпеймін. Тіпті атыс болмаған жағдай да, біз қарыз қайтарушылар тізімінде 150-ші болып кезекте тұрған шығармыз. Игорь барлық таныстарынан үлкен көлемде ақша алып, ешкімге қайтармаған", – дейді Елена. 

Әйел Игорь Дужновпен қалай таныс екендерін айтып өтті.

“Басынан бастап айтатын болсам, марқұм әкем Анаидтің (Дужновтың әйелі) ата-анасымен дос болған. Біз отбасымызбен жақсы араластық. Содан кейін Анаидтің әкесі көз жұмды. Әкем оған әрқашан жылы қарайтын. Кейіннен Анаид өз бизнесін дамытып, шиналармен сауда жасады. Ол керемет кәсіпкер болды. Анаид бизнеспен айналысқан уақытта бұлар үлкен беделге ие, бай отбасы болған", — дейді Елена.

Ал Игорь, оның айтуынша, әрқашан екінші рөлде қалып жүретін.

“Содан кейін Анаид сұлулық салонын ашқысы келді. Бұл оның арманы болатын. Ол осы бизнеске кеткеннен кейін шиналар Игорьге көшті. Міне, бәрі осы жерден басталды. Ол барлық танысынан ақша сұрады. Қарызға белшесінен батты. Үлкен сомамен, долларлап, еуролап алатын. Неге өйтті? Себебі осы беделді қалыптастырған Анаид еді. Соның арқасында адамдар Игорьге ақша берді десек болады. Бүкіл таныстарынан қаражат жинап алып, ешкімге ештеңе қайтармай қойды", — дейді Елена.

Әйел әлеуметтік желі пайдаланушыларының Дужновты барлық жағынан қорғап, оны халық батыры деп айтатындарға наразы екенін жеткізді. 

"Мен оны осы халге жүйе емес, банктер емес, өзін-өзі жеткізгенін айтқым келеді. Арқанды қанша жалғасаң да, ақыры үзілетіні белгілі. Мұндай үлкен сомада қарыз бергендер әлі де бар деп ойламаймын. Оған бәрі жақсы қарады. Өзін-өзі осы халге жеткізіп отыр. Иә, жүйе дұрыс емес шығар. Бірақ оны батырға, жүйеге қарсы шыққан қаһарманға теңеудің қажеті жоқ. Мүлде олай емес", — дейді Елена.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшамауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

21 қыркүйекке қараған түні Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы жаппай кісі өлтіру болған Алматыдағы үйден бір отбасын шығару жағдайында атқарушылық өндіріс екі жеке тұлғаның дауы болып табылатынын мәлімдеген

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр