Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасы былтырдан бері үйді босатудан бас тартып келген: Алматыдағы атыс жайлы жаңа деректер айтылды

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Алматыдағы бес адамның өлімімен аяқталған оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атыс

“Бұл іс екі жеке тұлға арасындағы дау екенін атап өткіміз келеді. Тұрғын үйді электронды аукционнан сатып алған және меншік құқығын иеленген адам бұрынғы үй иелерін шығаруды сұрап, сотқа жүгінген. 2020 жылдың 10 маусымында сот бұл талапты қанағаттандырды. Өткен жылдан бері борышкерге сот шешімін орындау қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарланды”, – делінген палатының ресми мәлімдемесінде. 

Палата өкілдері марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті. 



“Соттың шешімін орындау кезінде қайғылы оқиға орын алды, бес адам қаза тапты. Жеке сот орындаушыларының кәсіби қауымдастығы марқұмдардың отбасыларына жан-жақты қолдау мен қажетті көмек көрсетеді. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары тексеруде. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады”, – деп қосты палата өкілдері.

Көз жұмғандардың артында отбасылары және кәмелетке толмаған балалары қалды.

Айта кетсек, адам өлімімен аяқталған атыс бүгін сағат 17:00 шамасында орын алған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Талқылау